Жобаның мақсаты – халықаралық сапа стандарттарына сәйкес аспиранттар мен докторанттарды даярлауды жетілдіру, сондай – ақ ұлттық және халықаралық тақырыптар деңгейіндегі тұрақты ауыл шаруашылығының, болашақ агрожүйелердің мәселелері мен міндеттерін шешу үшін тиімді шешімдер қабылдау кезінде қолданылатын жаңа білім беруге ұмтылу.
Ресей мен Қазақстанның ландшафтары мен экономикасы үлкен ауыл шаруашылығы алаңдарымен сипатталады. Осы екі мемлекеттің саясаты аграрлық сектордың инновациялық дамуын өз қызметінің басым бағыттарының бірі ретінде қарастырады. Барлық қабылданып жатқан шаралармен қатар, білікті мамандар мен инновациялық әлеуеттің жетіспеушілігі байқалады. Барлық деңгейлерде адам әлеуетін арттыру жөніндегі (фермерлер, орта және жоғары буын мамандары), сондай-ақ жоғары оқу орындарының қызметін жетілдіру жөніндегі бастамалар қазіргі кемшіліктерге жауап ретінде қабылданды. Болон үдерісіне қосылудың және оны жоғары оқу орындарында іске асырудың ілгерілеуіне қарамастан, жас талантты ғалымдардың «ой-өрісінің жетіспеушілігі», сондай-ақ аспирантура мен докторантура деңгейлері бойынша жетілдірілмеген және көнерген білім беру бағдарламалары жоғары оқу орындарының халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілігіне кедергі келтіреді.
Ресей мен Қазақстанның аккредиттеу агенттіктерінің, жетекші ғылыми ұйымдар мен сарапшы-практиктердің консультациялық және сараптамалық қолдауымен құрылған Еуропаның 5 ғылыми-білім беру ұйымдарынан, Ресейдің 4 жоғары оқу орнынан және Қазақстанның 4 жоғары оқу орнынан тұратын Консорциум өз алдына келесі мақсаттарды қояды: