Тұрақты ауыл шаруашылығы және болашақ ауылшаруашылық жүйелері саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білімді жетілдіру

     Жоба халықаралық сапа стандарттарына сәйкес аспиранттар мен докторанттарды даярлауды жетілдіруді өз мақсаты етіп қояды, сондай – ақ тұрақты ауыл шаруашылығының мәселелері мен міндеттерін және болашақ агросистемасын-ұлттық және халықаралық маңызы бар тақырыптарды шешу үшін тиімді шешімдер қабылдау кезінде қолданылатын түбегейлі жаңа білім беруге ұмтылады.

   

   Ресей мен Қазақстанның ландшафтары мен экономикасы үлкен ауыл шаруашылығы алаңдарымен сипатталады. Екі елдің саясаты аграрлық сектордың инновациялық дамуын өз қызметінің басым бағыттарының бірі ретінде қарастырады. Барлық қабылданып жатқан шаралармен қатар білікті мамандар мен инновациялық әлеуеттің жетіспеушілігі сезіледі. Барлық деңгейлерде адам әлеуетін арттыру жөніндегі (фермерлер, орта және жоғары буын мамандары), сондай-ақ жоғары оқу орындарының қызметін жетілдіру жөніндегі бастамалар қазіргі кемшіліктерге жауап болды. Болон үдерісіне қосылудың және оны ЖОО-да іске асырудың прогресіне қарамастан, жас талантты ғалымдардың “ақыл-ойының кемуі”, сондай-ақ аспирантура мен докторантура бойынша жетілдірілмеген және ескірген білім беру бағдарламалары жоғары оқу орындарының халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілігіне кедергі келтіреді.

  

  Еуропаның 5 ғылыми-білім беру ұйымынан, Ресейдің 4 жоғары оқу орнынан және Қазақстанның 4 жоғары оқу орнынан тұратын Консорциум аккредиттеу агенттіктерінің, жетекші ғылыми ұйымдар мен Ресей мен Қазақстанның сарапшы-практиктерінің консультациялық және сараптамалық қолдауымен өз алдына келесі мақсаттарды қояды:

Мақсат № 1
Ауыл шаруашылығы зерттеулері мен инновациялары үшін өзекті пәнаралық мазмұн мен тәсілдер бойынша аспиранттарды/докторанттарды сапалы дайындау үшін Ресей мен Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі 8 ЖОО-да аспирантура/докторантура бойынша 4 модульді әзірлеу және енгізу.
Мақсат № 2
Халықаралық стандарттарға, озық тәжірибе мен үздік практикаларға сәйкес аспирантура/докторантура бағдарламалары бойынша оқыту үшін серіктес жоғары оқу орындарының (кадрлар, материалдық-техникалық база) әлеуетін нығайту.
Мақсат № 3
Қатысушы университеттер арасындағы халықаралық және өңіраралық академиялық алмасулар мен ғылыми ынтымақтастықты күшейту.
Мақсат № 4
Кең жұртшылықпен озық тәжірибе алмасуға бағытталған ауыл шаруашылығы саласындағы аспирант/докторлық ғылыми зерттеулер мен білім беру бойынша ынтымақтастық желісін құру.
Previous
Next