Совершенствование послевузовского образования в сфере устойчивого сельского хозяйства и агросистем будущего

SAGRIS жобасын жүзеге асырудың бірінші жылдық қорытындылары

SAGRIS жобасы 2020 жылдың 15 қаңтарында басталды. Көптеген офлайн іс-шараларды өткізуге мүмкіндік бермеген бірінші жыл ішінде барлық жоспарланған кездесулер мен жұмыстар сандық форматқа ауыстырылды. Барлық серіктестердің тығыз жұмысының арқасында, жоба консорциумы орын алған шектеулер жағдайында да бірінші жобалық жылға қойылған міндеттерге қол жеткізді.

Серіктестер консорциумы жұмысының бірінші жылдық қорытындысы мынадай:

– Жоба модульдерінің тақырыптары бойынша 4 халықаралық ғылыми ұжым құрылды: барлығы 150-ден астам қатысушы;

– әзірленіп жатқан модульдер бойынша оқыту нәтижелерін қоса алғанда, Еуропалық сапа стандарттарына сәйкес құрастырылған SAGRIS модульдерінің құрылымы дайындалды;

– аспирантурада (РФ) және докторантурада (ҚР) білім алу бойынша ситуациялық талдау) жасалды;

– үшінші циклді білім беруде қолданылатын терминдердің глоссарийі және олардың Еуропаға, Ресейге және Қазақстанға сәйкестігі;

– Ресей мен Қазақстан жоғары оқу орындарында білім алатын аспиранттардың/докторанттардың сауалнамасы.

Жобада қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін 2020 жылы төменде көрсетілген іс-шаралар өткізілді:

– жобаның Басқарушы комитетінің 5 отырысы;

– Модульдерді әзірлеуші жоғары оқу орындары арасындағы жұмыс топтарының 32 жұмыс кездесуі;

– Қатысушылардың стратегиялық желілік қарым-қатынасы бойынша 4 кездесу;

– Жобаның сапасын және оның нәтижелерін қамтамасыз ету бойынша топтың 3 кездесуі.

Жобаның жаңа жылында қатысушылар пәндер (модульдер) бойынша білім беру материалдарын, сондай-ақ серіктес жоғары оқу орындарында үшінші циклді білім беруді ұзақ мерзімді дамыту стратегияларын әзірлеуге кіріседі. Серіктес жоғары оқу орындарының әзірлеушілері, сондай-ақ аспиранттары/докторанттары оқыту тағылымдамаларына және әзірленген модульдерді инновациялық форматта блок-семинарларға пилоттық түрде енгізуге қатысады.