Совершенствование послевузовского образования в сфере устойчивого сельского хозяйства и агросистем будущего

Erasmus+ халықаралық жобалары грант иегерлерінің кеңесі

27-28 қаңтарда Брюссельде SAGRIS жобасы грант иегерлерінің жиналысы өтті. Бұл жиналыста жобаны басқару бойынша жұмыс пакетін іске асыруға жауапты жоғары оқу орындарының өкілдері Анна Борсук (Нюртинген-Гайслинген университеті) және Любовь Шмидт (Новосібір ҰАУ) қатысты. Кеңес жобаларды басқару мәселелері мен олардың ерекшеліктеріне, Еурокомиссия үшін есеп беру құжаттарын дайындауға, жабдықтарды сатып алу мәселелеріне, жоба нәтижелерін тарату стратегиясын әзірлеу мен іске асыруға, сондай-ақ Erasmus+бағдарламасының болашақ даму перспективаларына арналды.
Кеңес аясында ЕО қаржыландырған бүкіл әлемнің жобаларын таныстыру, сондай-ақ Erasmus+ Ұлттық кеңселері мен жоба консорциумдары өкілдерінің екіжақты кездесулері өткізілді.