Ағымдағы жылдың 23 қазаны мен 5 қарашасы аралығында Прагадағы жаратылыстану ғылымдары университетінде (CZU) «Enhancement of Postgraduate Studies on Sustainable Agriculture and Future Farming Systems» SAGRIS «Тұрақты ауыл шаруашылығы және болашақ агрожүйелер саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі дайындықты жетілдіру» халықаралық жобасын іске асыру шеңберінде «Климаттың өзгеруі жағдайындағы өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы жүйелері» модуль 2 бойынша оқу сапары өтті.
Сапарға Қазақстанның серіктес жоғары оқу орындарының әзірлеушілері мен докторанты, сондай-ақ аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігінің және ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының мүшелері қатысты. Барлығы 11 адам болды.
Оқу сапары барысында қатысушылар университет ғалымдарының дәрістерін, докторанттар семинарларын, Agro Podlesí сүт фермасы, CZU Lány фермалары және CZU Amaile "ақылды ландшафт" жобасы, CZU ботаникалық бағы, CZU food павильоны, CZU орман кәсіпорны сияқты аграрлық кәсіпорындарды аралады.
Оқыту семинарының бағдарламасы ауыл шаруашылығының орнықты дамуының аймақтық мәселелерінің теориялық және практикалық аспектілерін қамтыды.
Қатысушылар
Сапардың соңғы кезеңінде 2-ші модульдің жетекшісі профессор Михал Лоштак оқу сапарының қорытындысын шығарып, пікірлер, тілектер мен ұсыныстар айтылып, сондай-ақ барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.